
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңес отырысы өтті.
Кеңеске облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев және облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Кеңес отырысы барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев қабылданды.
Кеңес отырысында облыстық мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық ұлттары мен ұлыстарын бір арнаға тоғыстырып, этносаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарып келеді. Біздің қоғамның басты ұстанымы - татулықты сақтап, ұлттар арасындағы достықты нығайту. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар арқылы еліміздің тыныштығы мен гүлденуіне өз үлесін қосуда. Алматы облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Әрбір этностың салт-дәстүрлері мен тілдерін құрметтей отырып, өңірімізде үйлесімділік пен өзара түсіністік қалыптасқан. Алматы облысының тұрғындары ортақ мақсатқа - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды жүргізіп, бірлікті нығайтуға еңбектерін қосуда», - деп атап өтті