В честь 30-летия со дня создания местных представительных органов в Казахстане была проведена очередная XXVIII сессия

В честь 30-летия со дня создания местных представительных органов в Казахстане была проведена очередная XXVIII сессия

Қазақстан Мәслихаттарының құрылғанына  30 жыл толуына арналған кезекті XXVIII сессия отырысы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаевтың төрағалығымен өтті.

Сессия отырысының ашылуында облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев Қазақстан Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай қатысушыларды құттықтап, осы тарихи кезеңнің маңыздылығына тоқталды. Ол мәслихаттардың жергілікті басқару жүйесіндегі, демократияның дамуы мен азаматтық қоғамды қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Төраға өз сөзінде 1993 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» заңы мен 1994 жылы өткен алғашқы мәслихат сайлауларының еліміздің саяси өмірінде жаңа кезең бастауына себеп болғанын айтты. Осы уақыт ішінде мәслихаттар елдің әрбір өңірінде халықтың мүддесін қорғап, әлеуметтік-экономикалық даму мен жергілікті мәселелерді шешуге белсенді атсалысып келгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол мәслихаттардың жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған маңызды шешімдер қабылдағанын, сондай-ақ депутаттардың мемлекеттік органдармен байланысын нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.

Одан кейін сессия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды:

  1. Алматы агломерациясының даму жоспарын іске асыру туралы.
  2. Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарын іске асыру барысы туралы.
  3. Алматы облыстық мәслихатының жанынан Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобын құру.
  4. Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, архитектура және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы құрамына мүшесін сайлау туралы.
  5. Алматы облысының әкімдігі жанындағы Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.