
Комиссия отырысына Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының қоғамдық көлікті ұйымдастыру бөлімінің басшысы, SDU университетінің қаржы жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, Алматы облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы, Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының директоры және Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде:
1. Сүлеймен Демирел атындағы университеттің студенттерін жеңілдікпен жол жүру карталарына құқығы бар азаматтар санатына қосу мәселесі туралы;
2. Оқушылар мен жасөспірімдерді интернет ойындарынан (кибербуллинг), электронды темекілерден арылтуға жағдай жасап, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «ArtSport» бағдарламасы аясында ашылған тегін үйірмелерге қатыстыру;
3. Облыстағы кітапханалар мен музейлердің жұмысы туралы ақпарат;
4. Алатау қаласының білім мекемелерінде жұмыс жасайтын педагог мамандарға 25% мөлшерінде арттырылған айлықақыларды төлеу мәселесі туралы;
5. Сенімгерлік басқаруға берілген медициналық мекемелердің жұмыс сапасын бақылау туралы;
6. Әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізу мәселесі;
7. Электрондық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және күшейту мәселесі;
8. МӘМС жүйесін жүзеге асыру барысы туралы 2024 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы;
9. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.