
Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің табиғатымызды қорғап, ормандарымызды сақтап, жасыл желек әлемін дамытудағы еңбектеріңіз ерен.
Сіздер экологияның сақшысы, табиғаттың жанашыры ретінде, болашақ ұрпақ үшін құнды ресурстарымызды қорғап, оларға қалдыру жолында аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Ормандарымыз – біздің байлығымыз, ал сіздердің жауапты міндеттеріңіз бен адал қызметтеріңіз табиғатымыздың сақталуы мен табиғи ортаның тұрақтылығына үлес қосуда.
Алдағы уақытта да кәсіби шеберліктеріңіз бен жігерлеріңізбен еліміздің орман шаруашылығын одан әрі дамытуға үлес қосатыңыздарға сенемін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен,
Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Қ. Байғоджаев