
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.
Кездесуге облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғоджаев қатысты.
Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттары да қатысты.
Кездесуде алдымен Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың өткен кезеңде атқарған және алдағы уақытта жоспарлаған жұмыстарың есебі тыңдалды.
Одан кейін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жер, жол, ауыз су, көше жарығы, мектеп жөндеу, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйін салу, тұрғын үй, орталық ауруханаға санитарлық автокөліктің жетіспеушілігі туралы мәселелер көтерді.
Облыс әкімі көтерілген мәселерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады.