Алматы облыстық мәслихатының кезекті ХХVІІ сессия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының кезекті ХХVІІ сессия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының кезекті ХХVІІ сессия отырысы мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаевтың төрағалығымен өтті.
Сессия отырысына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Сессия отырысында Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу, 2023-2025 жылдарға арналған Алматы облысы бюджетінен қаржыландыратын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту, «Алматы облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, Алматы облыстық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария  және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы, индустриялық-инновациялық, кіші және орта бизнесті, туризмді дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының және дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есептері тыңдалды.