
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуге облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғоджаев қатысты.
Кездесуде алдымен Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетовтың өткен кезеңде атқарған және алдағы уақытта жоспарлаған жұмыстарың есебі тыңдалды.
Одан кейін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады.
Кездесуде ауыз су жүйесін жөндеуден өткізу, Бақбақты ауылының жас жеткіншектеріне спортпен шұғылданатын ғимарат салып беру, газ құбырлары тартылған ауылдардағы мәдениет үйлерін газға қосу, дәрігерлік амбулаторияға жөндеу жүргізу туралы мәселер көтерілді. Облыс әкімі көтерілген мәселерді тыңдап, шешу жолдарын талқылады.
Кездесуден кейін өңір басшылары Балқаш ауданына сапары барысында Бақбақты ауылындағы 2 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысымен танысты.
Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетіндіктен, олардың қажеттіліктеріне жауап беруді көздейді. Аудандағы тұрғын үй мәселесін шешу және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында осындай жобалардың маңызы зор.
Нысанның құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылау, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін әкімдіктің тарапынан нақты шаралар қабылдануда.