Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалды

Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалды

Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Турдахун Бакиев Амангелді ауылындағы 60 жыл бұрын салынған амбулаторияның апатты жағдайын көтеріп, жаңа ғимарат салуға көмек сұрады.

Сондай-ақ, ол 1987 жылы салынған Садыр атындағы мектептің күрделі жөндеуден өтпегенін атап өтті. Қуат Байғоджаев амбулаторияның жағдайын жақсарту үшін 2026 жылы жаңа блок-модульдік кешен салынатынын хабарлады. Жобаға 50 миллион теңге бөліну жоспарланған. Мектеп мәселесіне қатысты депутат жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын және алдағы уақытта бұл мәселенің шешілетінін жеткізді.

Қабылдауда Іле ауданының тұрғыны Нури Мунайтбасов экологиялық мәселелерді көтеріп, «Үлкен Алматы» өзенінің аңғарында заңсыз құрылыс пен тұрмыстық қалдықтардың жиналуы туралы айтты. Қуат Байғоджаевтың айтуынша, бұл заң бұзушылыққа қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, айыппұл салынған, әрі бұл мәселе тұрақты бақылауда екенін жеткізді.