
Бүгін Алматы облысына Қытай Халық Республикасынан (Цинхай провинциясынан) ресми делегация келді.
Кездесуге облыстық мәслихаттың төрағасы Қ.Байғоджаев, облыс әкімінің кеңесшісі А.Теменов, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының және «Алматы облысының Өңірлік даму орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.
Кездесу барысында екі тарап өзара ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық жобаларды талқылау және серіктестік бағыттарын айқындау жөнінде пікір алмасты. Қытай делегациясының өкілдері Алматы облысының әлеуеті мен ресурстарын жоғары бағалап, болашақта бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін білдірді.
Өткен жылы «ALATAU INVEST - 2023» халықаралық бизнес-форумы өтті. Форумға шетелдік және қазақстандық бизнес қауымдастығынан 260-тан астам өкіл қатысты және жалпы сомасы 217 млрд теңгеге 8 меморандумға қол қойылды.
Барлық қол қойылған келісімдер екі мемлекетінің тұрақты және қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Мәселен, 2023 жылы Алматы облысы мен Қытай арасындағы сауда айналымы 1,07 млрд АҚШ долларын құрады.