1 қазан – Халықаралық қарттар күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Құрметті қазыналы қариялар мен асыл аналар!

 

 Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қарияларымызды қадірлеп, ақжаулықты аналарымызды ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.

Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге.

Ақылы – дария, білімі – теңіз өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.

Сіздерге әрдайым мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Құрметпен, Қ. Байғоджаев

Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы