Мәслихат төрағасы Қарасай ауданында іссапармен болды

Мәслихат төрағасы Қарасай ауданында іссапармен болды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев Қарасай ауданында іссапармен болды.

Іссапар аясында өңір әкімі аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде алдымен Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтың өткен кезеңде атқарған және алдағы уақытта жоспарлаған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Одан кейін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады.
Кездесу барысында тұрғындар жер, жол, ауыз су, көше жарығы, мектеп жөндеу, Алматы қаласына қатынайтын автобустардың тапшылығы, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйін салу, тұрғын үй және «Артспорт» бағдарламасының қаржыландыруына байланысты мәселелер көтерді.

Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев пен облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев аудан тұрғындарымен кездесуден кейін Сауыншы ауылындағы құрылыс материалдарын өндіретін «BMG Holding» зауыты мен Көкөзек ауылындағы «Imagine Аpple Logostics» логистикалық кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған өндіріс орындары, инвестиция тарту аясында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, іссапар барысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Қарасай ауданының Долан ауылында үшінші жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Мектеп заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына толық мүмкіндік береді. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін мектепте инклюзивті орталық, шеберхана, модификациялық кабинеттер, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана, шығармашылық студия, асхана және басқа да қосымша кабинеттер орналасқан.