
Бүгін онлайн режимде Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XXVІ сессия отырысы өтті.
Сессия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Алматы облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
2. «Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-124 «Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 24-114 шешімінің күшін жою туралы.
3. Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы.
4. Алматы облысы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.