
Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысы өтті.
Аталған отырысқа облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев, Комиссия төрағасы М.Бигельдиев және комиссия мүшелері, сондай-ақ Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Б. Нұрбеков қатысты.
Отырысты өткізу 2024 жылғы қыркүйек айының бірінші жартысында әлеуметтік желіде облыстық депутатқа тиесілі орын алған мәселе негіз болды.
Комиссия отырысы барысында өткен жағдай бойынша Л.Тұрлашов тыңдалып, оның ұстанымы мен көзқарасы талқыланды.
Сонымен қатар, отырысқа қатысқан депутаттар өз пікірлерін білдірді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутатының заңға қайшы келетін әрекеттер жасамағандығы туралы және қандайда бір шара қабылдауға негіз жоқ деген қорытындыға келді.