
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы А. Әбдікәрімов Алматы облысының қалалық және аудандық мәслихат аппараттары басшыларымен арнайы кездесу өткізді.
Кездесуге Алматы облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары және бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, сонымен қатар қалалық және аудандық мәслихат аппараттарының мамандары да қатысты.
Кездесуде депутаттардың жұмысын үйлестіру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері және жұмыс тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, мемлекеттік қызмет өткерудің тұжырымдамасы, кәсіби дамуы, сонымен қатар нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылау туралы мәселелерге кеңінен тоқталып өтті.