Состоялось заседание постоянной комиссии по вопросам здравоохранения, образования, социальной защиты населения, развития культуры и спорта маслихата Алматинской области

Состоялось заседание постоянной комиссии по вопросам здравоохранения, образования, социальной защиты населения, развития культуры и спорта маслихата Алматинской области

Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы Б. Нұрбековтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары мен облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде шалғай ауылдардағы мәдениет үйлері мен спорт кешендерінің жұмысын қолға алу, оларға қолдау көрсету мәселесі туралы, Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарының Алматы облысында жүзеге асырылуы туралы, денсаулық сақтау саласын бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі туралы, облыс көлемінде  медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базамен жабдықталуы туралы мәселелер қаралды.

Мектептердегі балалар арасындағы «Буллинг» мәселесінің алдын алу бойынша психолог мамандарының атқарып жатқан жұмыстары туралы Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасарының және жоғарыда аталған мәселелер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бөлім басшысының, дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлім басшысының атқарған жұмыстары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі талқыланған мәселелерге байланысты депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.