5 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі

5 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі

Құрметті жерлестер!

Сіздерді бүгінгі 5 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тарихқа көз жүгіртсек, XX ғасырда Қазақ жері қоныс аударып келген 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің мекеніне айналды. Қонақжай, бейбітсүйгіш қазақ халқымыз оларға панасы мен асын беріп, олардың халқымызға алғысы мен ризашылығы туындаған еді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағалы бері осындай тарихи ерекшелікке негізделген жаңа мемлекет пен жаңа қоғамдық қатынастарды құруға қажет болды. Елімізді мекендеген барлық этностар арасындағы татулық пен келісім жағдайында ғана дамудың үлкен белестеріне жетуімізге болады. Мемлекеттік саясатымыздың негізгі басымдықтары қоғамдық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды үйлестіру болып табылады. Ал Қазақстан халқының тілдері күні бір мемлекетте тұратын барлық этностардың достығының, бірлігінің, мәдениеті мен тіліне құрметтің көрінісіне айналды.

Бұл ерекше күні Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, ана тілі мәртебесі – биік, бейбітшілігіміз – мәңгі болсын деп тілеймін!

 

Құрметпен, 

Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Қ.Байғоджаев