
Алматы облыстық мәслихат депутаты Сұлтан Нұрдаулетов Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Төңкеріс ауылында салынып жатқан 600 орындық "Жайлы мектеп" құрылысының барысымен танысып қайтты.
Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жағдайы:
Қазіргі таңда құрылыс алаңында 80 адам жұмыс жасауда. Мердігер құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталатынын мәлімдеді.
Бас мердігер: "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫС" ЖШС. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Ғимараттың жалпы ауданы: 8921,9 м².