
Алматы облысында білім беруді жақсартуға бағытталған кең ауқымды жоба аясында Қарасай ауданында жаңа мектеп ашылуы салтанатты түрде өтті. Мектеп ашылуына өңір депутаты Әділханов Серікхан Сәметұлы қатысты.
«Жайлы мектеп» жобасының нәтижесінде Қарасай ауданында екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. 1200 оқушыға арналған Қошмамет мектебі ашылуы балалардың қуанышына бөленді.
Еске сала кетейік, 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 54 600 орындық 53 мектеп салу жоспарланған. Бұл өңірде үш ауысымды оқуды толықтай жоюға және әрбір балаға сапалы білім беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.