Мәслихат депутаты Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтерге сертификат берді

Мәслихат депутаты Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтерге сертификат берді

Жергілікті кәсіпкерлер атынан Алматы облыстық мәслихат депутаты Ушуров Билалдин Париждегі Олимпиаданың күміс жүлдегері гимнаст Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтерге сертификат берді.

Нариман тәрбиеленген №9 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде хабарлағандай, спортшыны ел Конституциясы күніне арналған іс-шарада құттықтады. Кәсіпкер Билалдин Ушуров кәсіпкерлер атынан Құрбановқа Алматы қаласында тұрғын үйге сертификат табыс етті.

Айта кетсек, қазақстандық спортшы Париждегі Олимпиадада ат үстінде жаттығуда екінші орын алып, елге төртінші медаль алып келді. Оның "күмісі" Қазақстан тарихында спорттық гимнастикада жеңіп алған алғашқы медаль болды.

Сурет: №9 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі