
Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында Білім күніне орай Есік қаласы мен Шелек ауылында «Жайлы мектеп» Ұлттық жоба аясында әрқайсысы 900 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Осы қуанышты сәтке Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғоджаев қатысты.
Ел игілігі үшін салынған екі мектеп Болат Өтемұратов қорының қолдауымен 16,2 миллиард теңгеге салынды.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтерген бұл оқу орындары қазіргі заманғы инфрақұрылыммен жабдықталған, сондай-ақ, оқушылардың сапалы білім алуына толық мүмкіндік береді.
Мұнда оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін арнайы кабинеттер, спорт залдары, шығармашылық студиялар мен басқа да қосымша кабинеттер бар.
Бұл мектептердің жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, сондай-ақ, жастардың болашағына үлес қосатындығына сеніміміз мол.
Мектептердің ашылуы – балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен қуаныш әрі білім беру жүйесіндегі оң өзгерістердің бастамасы болары анық.
Болат Өтемұратов қорының қолдауымен жүзеге асырылған бұл жоба еліміздің білім беру саласының дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады.