«Баланы мектепке дайындау» акциясы жалғасуда

«Баланы мектепке дайындау» акциясы жалғасуда

«Баланы мектепке дайындау» акциясына атсалысқан Алматы облыстық мәслихат депутаттары балаларға киім-кешек пен аяқ киім және мектепке қажетті құралдар салынған сөмкелерді табыс етті.

Акция басталғаннан бері облыстық мәслихат депутаттары мыңға жуық балаға шамамен 24 миллион теңгеге қолдау көрсетті.

Балалар мен ата-аналар осындай игі іс жасаған халық қалаулыларына шынайы алғыстарын білдіріп, қуанышты көңіл-күймен сыйлықтарды қабылдады. Бұл бастама жаңа оқу жылының сәтті басталуына үлкен үлес қосуда.