
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ұлттық бірліктің, тұрақтылықтың және әділдіктің кепілі. Ол біздің ортақ мақсаттарымыз бен құндылықтарымызды айқындайтын Ата Заңымыз.
Бүгінгі күні біз Конституциямызды сақтап, оның қағидаттарын жүзеге асыру арқылы өңіріміздің гүлденуіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосып келеміз.
Осы айтулы күні баршаңызға бейбітшілік, береке-бірлік, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрдайым еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуінің негізі болсын!
Құрметпен,
Облыстық мәслихаттың төрағасы Қ. Байғоджаев