Қонаев қаласында 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етілді

Қонаев қаласында 85 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етілді

Алматы облысында кезекте тұрған әлеуметтік топ өкілдеріне пәтер кілті табысталды. Қонаев қаласында  жаңа салынған «Sun City» тұрғын үй кешенінен 85 баспана көпбалалы отбасы мен әлеуметтік осал топ азаматтарына бұйырды.

Президентіміздің өзі әр Қазақстандықтың баспаналы болуына аса қатты мән береді. Бұл туралы шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Марат Елеусізұлы айта кетті. Баспаналы болған жанұялардың қуанышына облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаев куә болып қайтты.

Жалпы Алматы облысында әлеуметтік осал топтарға арналған 1304 пәтерді сатып алу жоспарланған. Жыл соңына дейін 3 мыңға жуық отбасы жаңа баспанамен қамту жоспарланған.