Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы 9 тамыздағы № 619 Жарлығына сәйкес Алматы облыстық мәслихаттың депутаты Ақберген Қияс Жапарбекұлы III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы 9 тамыздағы № 619 Жарлығына сәйкес Алматы облыстық мәслихаттың депутаты Ақберген Қияс Жапарбекұлы III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Конституция күні кең көлемде дәстүрлі түрде аталып өтті. Мереке аясында Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев өңіріміздің қоғамдық өмірдегі еңбектері мен құрылыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Атап айтқанда, 2024 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыстық мәслихат депутаты Ақберген Қияс Жапарбекұлы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды.

Алматы облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, “Киікбай Строй Сервис” ЖШС құрылыс компаниясының директоры  Қияс Жапарбекұлының тікелей басшылығымен әлеуметтік маңызы бар 30-дан аса құрылыс нысандарын уақытылы және сапалы пайдалануға беріліп, оның ішінде сумен жабдықтау жүйелері, инженерлік және тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар, электрмен жабдықтау сияқты маңызды салалары бар.

Сонымен қатар, Тескенсу ауылының өркендеуіне елеулі үлес қосып, ауыл тұрғындары табысты еңбек етіп жатқан 40 га жерге бақ отырғызып, аграрлық секторды дамытуға атсалысып келеді. Депутат бұған дейін «Құрметті Құрылысшы» және «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төс белгілеріне иеленген еді.