Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы және кезекті XXV сессия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы және кезекті XXV сессия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының «Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша» тұрақты комиссия отырысы және Алматы облыстық мәслихатының кезекті XXV сессиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы,  денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының  құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы туралы және Алматы облысында жылыту маусымына дайындау және өткізу қағидалары туралы мәселелер қаралды. Аталған мәселелер комиссия отырысында талқыланып, сессия күн тәртібіне шешім қабылдау үшін енгізілді. Сессия отырысы мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаевтың төрағалығымен және облыс әкімінің орынбасары А.Батановтың қатысуымен өтті. Отырыстың күн тәртібіне келесі мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды:

  1. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан салынған білім ошақтарының құрылысы, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының  құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы туралы.
  2. Алматы облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы.
  3. Алматы облысы Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы.
  4. Қонаев қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы.
  5. Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы
    15 желтоқсандағы «Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» № 64-340 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  6. «Алматы облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
  7. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы.
  8. Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
  9. Алматы облыстық мәслихатының ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
  10. Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
  11. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы
    26 желтоқсандағы «Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» №13-70 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  12. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №34-155 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.