
Экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша комиссия отырысында мемлекеттік кірістер департаментінің, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы және қаржы басқармасы басшылары бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Жиын барысында кірістер, салықтық және салықтық емес түсімдер туралы есептер ұсынылды. Сондай-ақ, бюджеттік жоспарлар мен республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің орындалу пайызына тоқталып өтті. Бюджет шығыстары мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыруға баса назар аударылды. Осы жобалар аясында түрлі бағыттар бойынша көлік инфрақұрылымы, кәріздік тазарту қондырғылары, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің құрылысы жүргізіледі.