
Бүгін Алматы облыстық мәслихатының дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы С.Нұрдаулетовтың төрағалығымен өтті.
Комисссия отырысында Алматы облысының ішкі саясат, дін істері, тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармалардың 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебі және алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар Қонаев қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы мәселе қаралды.