
ҚР Парламентінің депутаттары Ж.Жөргенбаев, З. Кузиев, Ж.Әшімжановтармен бірге Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаев Кеген ауданына арнайы жұмыс сапармен келді. «Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты» республикалық автожолдың 18-21 шақырым учаскесінде жауапты мекеме басшыларымен кездесіп, жолдың жағдайымен танысты.
Сенат депутаты Ж.Жөргенбаевтың айтуынша жолға қатысты арыз-шағымдар көптеп түседі. «ҚазАвтоЖол» өкілдерімен, аудан әкімдерімен бірлесіп республикалық маңызы бар жолдардың мәселерін жиі талқылайды. Сенат төрағасы Мәулен Сағатханұлының атсалысуымен 9 млрд қаражат бөлінді. Екі ауданның жолдарына республикалық бюджеттен 34,5 млрд тенге қаражат бөлінуде.
«ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Ғ.Мырзахановтың айтуы бойынша Кеген мен Райымбек аудандарында жалпы 300 шақырым республикалық маңызы бар жолдардың 60 % жағдайы жақсы, ал жолдың 40 % жөндеу қажет. Бұл жолдарға 60-70 жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған. 300 шақырым жолдың 130 шақырымына орташа жөндеу жұмысына қаражат бөлінген, осы жылы басталып келесі жылға дейін бітеді деп жоспарлануда.
Жалаңаш-Саты 19-22 шақырымына да күрделі жөндеу, Одан бөлек Кеген-Көкпек 26-41 шақырымына да орташа жөндеу жұмысы және 68-88 шақырымына Қарқара ауылына дейінгі жолдарға жөндеу жұмыстары жасалынады. Ең күрделі Кеген-Нарынқол жолы ұзындығы 89 шақырымды құрайды 15 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, 74 шақырымына қаражат қарастарылуда.