
Алматы облысы, Талғар ауданында Алматы облыстық мәслихатының индустриялық-инновациялық, кіші және орта бизнесті, туризмді дамыту және дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы өтті. Отырыс күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын жүзеге асыру барысы туралы;
2. Діни эктремистік идеологияны ұстанушы азаматтарды оңалту бойынша жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, жұмысты жетілдіру туралы;
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №918 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» Алматы облысында орындалу барысы туралы;
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының Алматы облысында орындалу барысы туралы.
5. Алматы облысында туризмді дамыту оның ішінде:
- Алматы облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жолдарды туристификациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы;
- Туристерге қолайлы жағдайлар жасау, сервис сапасын арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрландыруды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы;
6. Алматы облысында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы;
7. Алматы облысында инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы