Председатель маслихата поздравил представителей СМИ с профессиональным праздником

Председатель маслихата поздравил представителей СМИ с профессиональным праздником

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді кәсіби мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Журналистика – бұл жауапкершілік пен батылдықты талап ететін, шындық пен әділдіктің жаршысы болатын құрметті мамандық. Әрбір жаңалық пен мақала, әрбір репортаж сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі.
Сіздер шынайы және маңызды ақпараттармен халықты хабардар ете отырып, қоғамның дүниетанымын кеңейтуде, тарихы мен дәстүрін, ғылымы мен білімін, мәдениеті мен руханиятын дамытуда және ұлттың дара тұлғаларын дәріптеуде үлкен үлес қосып келесіздер.
Сіздердің батылдықтарыңыз бен адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіре отырып, жұмыстарыңызда сәттілік, жаңа шығармашылық белестер мен шабыт серік болсын деп тілеймін!
Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат, отбасыларыңыз береке-бірлікке толы болсын!

Ізгі ниетпен, Қуат Байғоджаев