
Алматы облыстық мәслихатының «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша» тұрақты комиссия отырысы облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы – Б. Атайбековтің төрағалығымен және мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаевтің қатысуымен өтті. Комиссия отырысына Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Батанов, Алматы облысы прокурорының орынбасары А.Күренкей және тиісті басқарма басшылары, департамент басшылары, комуналдық шаруашылық өкілдері қатысып, баяндамалары назарға ұсынылып, күн тәртібіне енгізілген мәселелер талқыланды.
Тұрақты комиссияның күн тәртібінде сегіз мәселе қаралды:
1. Алматы облысында орын алып отырған суармалы егістікті суарудың өзекті мәселелері мен су пайдаланудың тарифтері туралы;
2. 2024 жылғы субсидияның қаржы көлемі және оның орындалуы туралы;
3. Пайдаланылмайтын алқаптарды мемлекеттік меншікке қайтару мәселесі;
4. Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы;
5. Жергілікті халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету туралы;
6. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау барысы туралы;
7. Алматы облысында өсімдік шаруашылығын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Жоспарын бекіту туралы;
8. Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жобаларды несиелендіру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрықты талқылау туралы