
Облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев Еңбекшіқазақ ауданына әлеуметтік нысандарының құрылысын бақылауға іссапармен барды. Іссапар барысында Шелек ауылындағы Х.Бижанов атындағы жалпы орта мектебіне жапсарлас спорт зал мен акт залы құрылысын қарады. Одан бөлек, Шелек ауылындағы 900 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектеп құрылысын, мектептің инженерлік желілері мен аббатандыру жұмыстарын және Ащысай ауылындағы 50 орынды спорт кешенінің құрылысын бақылауға барды. Жалпы сомасы 8,1 млрд теңге құрайтын білім ошағы заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 2024 жылы жаңа оқу жылында мектеп құрылысы аяқталса, спорт кешені құрылысының аяқталу мерзімі болып ағымдағы жылдың 04.07. күні белгіленеді. Сонымен қатар, мәслихат төрағасы іссапар кестесіне сәйкес №320Б Абай көшесіндегі гуманитарлық колледжге арналған 200 орындық жатақхана құрылысына барып, құрылыс мәселелерін өңірлік құрылыс басқармасымен талқылады.