Кезектен тыс XXIII сессия отырысы

Кезектен тыс XXIII сессия отырысы

Бүгін Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIII сессия отырысы облыстық мәслихат төрағасы Қ. Байғоджаевтың төрағалығымен өтті.

Сессияның күн тәртібінде:
- Алматы облысының мемлекеттік органдарының басқару схемасын бекіту туралы;
- Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы;
- Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекiту туралы мәселелер қаралды.

Көктемде елімізде орын алған су тасқыны жағдайын ескере отырып, су ресурстарының дамуын бақылау, энергетика және тұрғын үй мәселелеріне бақылауды күшейту қажеттілігінің туындауына байланысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан су ресурстары және ирригация басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан энергетика және сумен жабдықтау басқармасы бөлініп, Алматы облысының басқару схемасы бекітілді.

Барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайтын және елді мекендердегі аумақтардың кешенді және орнықты дамуына ықпал ететін қауіпсіз, жайлы, ыңғайлы, экологиялық қолайлы және тартымды қалалық ортаны құру мақсатында Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасы бекітілді.

Сонымен қатар, Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамы бекiтілді.