Қазақстан Шахмат федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Шахмат федерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Алматы облысы мәслихатының төрағасы Қ.Байғоджаев пен «Қазақстан Шахмат федерациясы» РҚБ Алматы облысы бойынша филиалының атқарушы директоры С.Жанқуатов арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның басты бағыттары Алматы облысында шахмат ойынын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық этикалық мәдениетті қалыптастыру және шахмат ойыншыларының ойын деңгейін арттыру болып табылады.