Алматы облыстық мәслихатының кезекті XXІІ сессия отырысы өтті

Алматы облыстық мәслихатының кезекті XXІІ сессия отырысы өтті

Бүгін Алматы облыстық мәслихатының кезекті XXІІ сессия отырысы облыстық мәслихат төрағасы Қ.Байғоджаевтың төрағалығымен өтті.
Сессияның күн тәртібінде:
- Алматы облысы әкімінің 2023 жылға арналған жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуы туралы есебі;
- Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі;
- Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу;
- Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу;
- Алматы облысының тексеру комиссиясының мүшесін атқарып отырған лауазымынан босату туралы мәселелер қаралды.

Облыс әкімі М.Сұлтанғазиев 2023 жылға арналған жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуы туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Өңір басшысының айтуынша, 2023 жылы облыс бюджетінің түсімдері айтарлықтай өскен. Оның ішінде жергілікті бюджетке қомақты қаржы түсіп, 2022 жылмен салыстырғанда 103,7 % артқан.
Бюджет қаражаты шығыстарының жалпы көлемінен 58,7% әлеуметтік саланы қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 11,3%, тұрғын-үй коммуналдық салаға 10,6%, жолдарға 5,7% бағытталған.
Инвесторлармен жүргізілген белсенді жұмыстардың арқасында облыс экономикасына ауқымды көлемде инвестиция тартылып, 2022 жылға қарағанда 10,7%-ке ұлғайған. Нәтижесінде, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталып отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевтың да жылдық есебі тыңдалды. Тексеру комиссиясы төрағасының сөзінше, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы 2023 жылы 14 тиімділік аудитін және жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне 1 аудит жүргізіліп 172 объектілер қамтылған. Облыста 2023 жылдың нәтижесі бойынша экономикасының өсу қарқынына тікелей әсер ететін көшбасшы өнеркәсіп салалары өнімдерінің тұрақты өсуі байқалған.

Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп, шешімдер қабылданды.