Председатель Алматинского областного маслихата поздравил с 4 июня - Днем государственных символов РК

Председатель Алматинского областного маслихата поздравил с 4 июня - Днем государственных символов РК

Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтаймын!
4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні ретінде тарихымыздың алтын беттерінен орын алды. Ашық аспанда қалықтаған қыраны бар көк байрағымыздың желбірегені күллі қазақ елінің мақтанышы болса, елтаңба - егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгісі. Әнұран - осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.
Көк байрағымызды ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен ғарышқа көтерсе, альпинистеріміз Эверест шыңына алып шықты.
Әлемнің әр түкпірінде өткен әрбір спорттық жарыстарда жеңіске жеткен сәттерде көк байрағымыз желбіреп, Гимніміз шырқалуда. Бұл қазақ елі үшін зор қуаныш, үлкен мәртебе.
Тәуелсіз Отанымыздың тұғыры биік, мәртебесі жоғары, ғұмыры мәңгілік болсын!

Ізгі ниетпен, Қуат Байғоджаев