Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды

Қонаевта ауқымды инвест жобаның алғашқы тасы қаланды

Қапшағай су қоймасының жағалауында «Жібек жолы» аттракциондар паркінің алғашқы кірпіші қаланды.

Бұған дейін №8 жағажай аталып келген аймақ енді паркке айналмақ. Қытайлық инвесторлар мұнда 100 млн доллар қаржы құяды деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2500 адам тартылып, жоба аяқталған соң 500 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылады.

Салтанатты шараға Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев арнайы қатысты.

Жоба бойынша бұл жерде қонақ үйлер, пирс, субұрқақтар шоуы, аквапарк, аттракциондар, сауда орындары салынады. Аумағы 15 гектар. Алғашқы кезеңінде 7 гектардан астам жер игеріліп, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады деп көзделуде. Ал екінші кезең 2025 жылы жүзеге асады. Жаңа жағажай бір маусымда 3 млн адам қабылдай алады.

Сондай-ақ қала әкімі Асхат Бердіханов құрылыс барысында әкімдік қойған әр талапқа бақылау болатынын айтып өтті.