
Облыстық мәслихат депутаты Р. Өтембаев Кеген ауданының мәслихат төрағасы А. Нұғмановпен, тиісті насандарға қатысты Кеген аудандық бөлім басшыларымен және ауылдық округ әкімдерімен құрылыс нысандарына мониторинг жүргізді.
Атап айтқанда: Жылысай ауылдық округі Жылысай учаскесінің жайылымдық жерлерін суаруға арналған құбырлары бар 35 құдықты жаңғырту, Ұзынбұлақ ауылдық округі Қату, Ұзынбұлақ, Ақсай учаскелерінің жайылымдық жерлерін суаруға арналған құбырлары бар 22 құдықты жаңғырту, Қарабұлақ ауылының су құбырларын жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Жайылымдық жерлерді суландыру насандары және ауыз су құбырлары ел игілігі үшін ағымдағы жылдың тамыз айында беріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, мониторинг барысында жергілікті халықты толғандырып жүрген бірқатар мәселелер:
1. Қарабұлақ ауылдық округі А. Нүсіпбеков ауылындағы 1970 жылы салынған пошта торабының тозығы жетіп, жөндеуге жарамайтындығы;
2. Қарабұлақ өзенінен алынып Ағанас жазығындағы егіс алқабын суару үшін жасалатын Ақсай каналының жобасы бекітілген, бастапқы жобада 9,5 шақырымды құрайтын канал ашық канал күйінде енгізілген. Алайда, ауыл тұрғындарының өтініші бойынша ашық каналдар елді мекенің ішімен өтетін болғандықтан, каналдарды жабық түрінде салуды жобаға енгізу;
3. 2022 жылы Ұзынбұлақ ауылында дамбы салынып, қазіргі таңда сол дамбыдан ауылға канал салу жұмыстары жүргізілуде. Алайда, жобада дамбыға таудан су тарту мәселесі енгізілмегендіктен, өзгеріс енгізу қажеттілігі туындап тұрғаны облыстық мәслихат депутаты Р. Өтембаевтің назарына алынды.
Аталған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданды.