
Алматы облыстық, Қонаев қалалық мәслихат депутаттары және Қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған мониторинг тобы Қонаев қаласындағы құрылыс нысандарына мониторинг жүргізді. Қаладағы құрылысы аяқталмаған 4-ші орта мектебіне, сонымен қатар 8-10 шағын аудандарындағы ауыз сумен қамту, "Қарлығаш" және "Гүлдер" шағын ауданындағы су жүйесіне жөндеу жұмыстарын бақылап қайттық. Тапсырыс беруші мен мердігерлер тарапынан жіберген кемшіліктерге байланысты бірқатар сұрақтар, ұсыныстар мен ескертулер айтылды.