Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы

Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы

Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ.Байғоджаев Қарасай ауданында ұйымдастырылған Алматы облыстық мәслихатының Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және архитектура, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысына қатысты.
Күн тәртібінде 2024 жылғы 1-ші тоқсандағы Алматы облысы бюджетінің атқарылуы туралы, спорт, мәдениет, газ тасымалдау салаларын дамыту, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы және Қонаев қаласы бойынша кешенді даму жоспары туралы мәселелер талқыланды.
Алматы облысы бойынша қазіргі таңда 2 спорт кешені, 3 мәдениет үйлері нысандарының құрылысын аяқтап, ағымдағы жылы қолданысқа тапсыру жоспарлануда.
Алматы облысын 2030 жылға дейінгі газдандырудың өңірлік схемасы шеңберінде өңірдегі 384 елді мекеннің 294 газдандыруға жатады, қазіргі уақытта 152 елді мекен үйлер газға қосылған.
Газ жүргізу бойынша ағымдағы жылы 20 000-нан астам тұрғыны бар 21 елді мекен бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
2023-2027 жылдарға арналған Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары мен Бас жоспарда көзделген іс-шара бойынша 189 құрылыс жобасын іске асыру, оның ішінде: 58 жоба әкімшілік және әлеуметтік-мәдениет нысандары, 93 жоба инженерлік-коммуникациялық инфрақұрлым нысандары, қалғаны көлік және жолдар инфрақұрылымы нысандары болып табылады.

Қарасай ауданында өткен тұрақты комиссия отырысынан кейін депутаттар әлеуметтік насандарға мониторинг жүргізу аясында Әйтей ауылдық округіндегі «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 900 орындық мектеп құрылысының жұмыстарымен танысты.
Жобаға тапсырыс беруші «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ-сі. 900 орындық мектептің жобалық құны 3 804,706 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қаңтар айында басталған. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың мамыр айының соңына жоспарланған. Алайда мердігер «Ақ ордасы» ЖШС-і басшыларының жауапсыздығынан уақытында пайдалануға берілмей отыр.