Respublica партиясының өкілдерімен кездесу өтті

Respublica партиясының өкілдерімен кездесу өтті

Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы Қ.Байғоджаев Respublica партиясы орталық аппаратының басшысы Б.Хамитпен, Respublica партиясы Алматы облысы филиалының төрағасы Ж.Ниязбек және филиал төрағасының орынбасары Б.Қабасовпен, сонымен қатар Respublica партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Қ.Ақберген, Г.Тусибияновалармен кездесті.
Кездесу барысында облысымыздағы өзекті сұрақтар талқыланып, оның ішінде су мәселесі, жолдар, үш ауысымдық мектептер, «жайлы мектептер», шетел инвесторларын тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне де тоқталды.
Сонымен қатар таулы аймақтарда жаңбырдың көп жаууы және қардың қарқынды epyi салдарынан өзендердің су деңгейiнің кетерiлуі, көпір маңындағы топырақтың құлауы себебінен Талғар өзенінен өтетін көпірдің жағдайы да айтылды.
Кездесу соңында Respublica партиясының өкілдері бірлесіп жұмыс жасауға келісті.