
Алматы облыстық мәслихаты төрағасының өкімімен Әбдікәрімов Аслан Жаңабергенұлы Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Әбдікәрімов Аслан Жаңабергенұлы 1986 жылы 28 тамызда Қапшағай қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2008 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы» мамандығы, 2016 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқық» мамандығы, 2017 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің инспекторы - тағылымдамашысы болып бастаған.
Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы, Алматы қалалық статистика департаментінің бас маманы, ҚР Статистика агенттігінің Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы, ҚР Қаржы министрлігі Халықаралық қаржы қатынастары департаменті Халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы, барқарма басшысы, Еуразиялық интеграция басқармасының басшысы, Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Алматы облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы лауазымдарында қызмет атқарған.