Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XXІ сессия отырысы

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс XXІ сессия отырысы

 

         Алматы облыстық мәслихатының  кезектен тыс XXІ сессия отырысы өтті. Сессия отырысына Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым қатысты. Сессия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

 

  1. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-62 «Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

  1. Алматы облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы.

 

  1. «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы.

 

  1. Алматы облысының әкімдігі жанындағы Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.