ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика және дін, тіл, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары мен облыстық басқарма басшылары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде Алматы облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы; Алматы облысы бойынша ветеринариялық станциялардың жұмысы туралы; «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы мәселелер қаралды.
Отырыста күн тәртібіне сәйкес Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ораз Аслан Саматұлы, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қиялбеков Нұртас Тынышбайұлы және облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қабдылкаиров Медғат Көбегенұлы баяндама жасады.
Қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, баяндама жасаған мекеме басшыларына сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды.