
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Сенатының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп, Талғар ауданы Бесағаш ауылында шахматтан "Senat Open" турнирі өтті.
Интеллектуалды ойынға мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тартысты бәсекеде 100-ге жуық қатысушы бақ сынады. 9 кезеңнен тұратын іріктеуде әр ойыншыға 10 минут уақыт берілді. Жарыс соңында 25 ойыншы озық шығып, өңірлік іріктеуге жолдама алса, жекелей нәтиже бойынша 1-орынды Райымбек, 2-орынды Талғар, 3-орынды Қарасай аудандарының ойыншылары еншіледі. Ал жалпы командалық есепте:
1 орын - Талғар ауданы ;
2 орын - Қарасай ауданы ;
3 орын - Іле ауданының ойыншыларына бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларына жекелей номинациялар бойынша грамоталар мен медальдар табыс етілді.
Президентіміз өз сөзінде айтқан болатын, Қазақстандағы Шахмат ойынын ары қарай дамыту, оның ауқымын кеңейту мәселесін көтерген болатын. Әрине, бұл қуантарлық жағдай. Өйткені, шахмат ойының ерекшелігі ойлау қабілетін жаңағы жастардың стартегиялық мақсат қою, одан кейін Шахмат ойынындағы жоспарлау деген үлкен нәрселерге септігін тигізеді. Сондықтан бұл жалпы қоғамға да өте қажет ойынның бірі.
Додада Шахмат Федерациясының өкілдері төрелік етті. Ал, 17 өңір мен 3 мегаполистен іріктелген жеңімпаздар күзде Астана қаласында республикалық турнирде бақ сынайды.