ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен 2024 жылғы 13 сәуір мен 29 тамыз аралығында Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп «Senat Open» шахмат турнирі өтеді

ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен 2024 жылғы 13 сәуір мен 29 тамыз аралығында Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп «Senat Open» шахмат турнирі өтеді

ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен 2024 жылғы 13 сәуір мен 29 тамыз аралығында Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп «Senat Open» шахмат турнирін өткізу жоспарлануда.
Турнир барлық деңгейдегі депутаттар, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері мен журналистер арасында шахматты дәріптеу мақсатында өткізіледі.
Жарыс үш кезеңнен тұрады. Іріктеу туры 2024 жылғы 13 сәуір мен 19 мамыр аралығында өткізіледі. Жартылай финал 2024 жылдың 7 маусымы мен 9 тамызы аралығында өтеді, ал финал 2024 жылдың 29 тамызында Астана қаласында өтетін болады.
Осы мақсатта Алматы облыстық Мәслихаттың төрағасы Қ.С. Байғоджаев пен Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті А.В.Бабенкомен кездесу өткізіп, «Senat Open» І ашық кубогының іріктеу кезеңінің тәртібіне қол қойылды.