
Алматы облысы мәслихатының Төрағасы Қ.С.Байғоджаев пен «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Б.Жұмәділ «САПАЛЫ Өнім» жобасын жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум тұтынушылардың құқықтарын қорғау және бизнес мүдделерін қолдау мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
Ішкі нарықтағы отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету және адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау.