Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІІ сессия отырысы

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІІ сессия отырысы

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХVІІ сессия отырысы өтті. Сессияның күн тәртібінде бір мәселе қаралды:
1. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 3 мамырдағы №2-14 «Алматы облысының Талғар ауданында «Қайрат» индустриялық аймағын сыртқы газбен жабдықтау, алаңішілік инженерлік желілер және көлік инфрақұрылымын салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия отырысына Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кеңесұлы
Құдайбергенов және Алматы облысының «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының» басшысы Асхат Ермекұлы Бердіханов, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселе толық қаралып, тиісті шешім қабылданды.