Алматы облыстық мәслихатының кезекті XVI сессиясы

Алматы облыстық мәслихатының кезекті XVI сессиясы

Алматы облыстық мәслихатының кезекті XVІ сессиясының отырысы облыстық мәслихат төрағасы Т.Байедиловтың төрағалығымен өтті.

Отырыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

1. «Алматы облысы Қонаев қаласындағы кәріздік суларды тазарту құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.

2. Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және  депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.