
Алматы облыстық мәслихатының кезекті XV сессия отырысы мәслихат төрағасы Т.Байедиловтың төрағалығымен және облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Әбдірахымның қатысуымен өтті. Отырыстың күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Алматы облыстық маслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін азаматтарға тегін немесе жеңілдетілген жол жүруді ұсыну туралы;
3.Алматы облысының кейбір елді мекендерінің атауын өзгерту туралы;
4. Алматы облысы Дін істері басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы